Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады.   – Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.  Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 10:00 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 30 шілдесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Мароккода Тақ күні – жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін корольдіктің басты ұлттық мерекесі. Бұл мереке ұлт бірлігі мен монархияға адалдықты білдіреді.

2026 жылғы 28 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Перудің тұңғыш әйел президентін құттықтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: