АҚШ-та Қазақстаннан барған үш баланың анасы ұсталды
Фото: pixabay
Жуырда Қазнетте АҚШ-тың иммиграциялық қызметі Флорида штатында Қазақстан азаматын ұстағаны туралы ақпарат тарады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы алғашқылардың бірі болып Instagram желісіндегі salty_sssalt лақап атымен тіркелген қолданушы хабарлады.
"Достар, 12 қыркүйекте ICE үш баланың анасы, біздің құрбымызды қамауға алды!" – деп жазды ол.
ICE – АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясы. Бұл елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарайтын ірі федералдық құқық қорғау органы.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Қазақстан азаматы заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штатының аумағында АҚШ иммиграциялық қызметі тарапынан ұсталды. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыста болып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 9 қыркүйекте, қазақстандық студент әлеуметтік желіде туристік компанияға шағымданған еді. Оның айтуынша, компания Лос-Анджелеске барған сапардың 200-ге жуық қатысушысын көмексіз қалдырған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript