Starlink, криптовалюта және Қытайдан келген алаяқтар: ҰҚК Қазақстанда жасырын әрекет еткен топты әшкереледі

Starlink, криптовалюта және Қытайдан келген алаяқтар: ҰҚК Қазақстанда жасырын әрекет еткен топты әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 12:16 Сурет: gov.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ел аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып жүрген Қытайдың 13 азаматы ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында жасырын түрде халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

"Олардан көп мөлшерде компьютерлік техника, ұялы телефондар, Starlink спутниктік интернет байланысы жабдықтары және криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат анықталды. Топтың әрекеттері Қазақстанның резиденті емес өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталып, шетелден үйлестірілген", – делінген ҰҚК-нің 2026 жылғы 19 қазанда жариялаған ресми хабарламасында.

Осыған байланысты, комитеттің нақтылауынша, оларға қатысты кейінгі тексеру Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілген.

"Ұсталғандардың кейбіріне өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеу жарияланған", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру үшін Қытайдың уәкілетті органдарына берілді.

2026 жылғы 14 қазанда Қазақстанда көші-қон бақылауы мен шетелдіктерді есепке алу қағидалары жаңартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: