Жаңалықтар тізбегі
0

Салтанат Нүкенованың өлімі: қос тараптың адвокаттары сотта сөз алды

Сот отырысы, Қуандық Бишімбаевтың ісі, Салтанат Нүкенованың өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 19:15 Сурет: Zakon.kz
12 наурызда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сот тыңдалымы барысында Салтанат Нүкенованың өлімі орын алған жерде тергеу экспериментін жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі сот залынан.

Қорғаушылар тарапы бір куәгердің Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев отырған VIP-кабинкадан шу естігенін, ал екіншісі бояу шашатын аппаратпен жұмыс істеп жатқандықтан ештеңе естімегенін айтып, айғақ бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, сотталушының адвокаттары Салтанат Нүкенованың өзі Қуандық Бишімбаевты қатты қызғанғанын, абюзер мен қатыгездік бойынша айыптар шындыққа жанаспайды деп санайтындарын жеткізді. 

Кеше прокурордың айтқанына да жауап берілді. Прокурор айыпталушы әйеліне пайдалы іспен айналысуына тыйым салғанын (ол табысты астролог болған) және оны материалдық жағынан тәуелді етіп қойғанын айтқан еді. Бұл ретте Бишімбаевтың адвокаты оған шығындары үшін деп айына 5-6 млн теңгеден аударып отырғанын айтты.

Салтанат Нүкенова тарабының мәлімдемесі

Өз кезегінде жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова Бишімбаевтың қорғаушыларының барлық талап-өтініштерін ескерусіз қалдыруды сұрады. Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенованың тарабы істі алқабилердің қатысуымен болатын сотта қарауға келісетінін жеткізді.

Сондай-ақ Жанна Оразбахова жәбірленуші тараптың адвокаттары сотқа Салтанат Нүкенованың әкесі ешқашан психиатриялық және наркологиялық есепте болмағаны туралы құжаттарды ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ұсынылған дәлелдер істі "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша қайта тағайындау мүмкіндігін жоққа шығаратынын айтты.

Айта кетсек, 11 наурызда бірінші сот процесі өтті, онда мемлекеттік айыптаушы осы іс бойынша тергеу нұсқасын жариялады. Айыптау актісіне сәйкес, кісі өлімі болған күні (2023 жылы 8 қараша) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова елордадағы концерттердің біріне барған. Сол арада олардың арасында жанжал болады. Өзара түсінбеушілікке қарамастан, олар одан әрі бірге мейрамханаға барып, ұрыс-керіс жалғастығын табады. Ақырында Салтанат Нүкенова мерт болады.

Айыпталушы мен оның адвокаттары да өз ұстанымдарын білдірді. Бишімбаев кінәсін мойындамайды және өзін алқабилер соттағанын қалайды. Ал адвокаттар айыптау бабын қайта қарауды талап етті.

2023 жылы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Қайғылы оқиға елордадағы Bay мейрамханасында болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: