"Ұйықтап жатқанда шетінен бауыздаған": Астанада кісі өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды

Ұсталды, Астана, бауыздау, кісі өлтіру, телефон, жас жігіт  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2025 13:14 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелеріне қатысты қастандық жасады деп күдікке ілінген 21 жастағы елордалық жігітті ұстау сәтінің видеосы тарады. Алдын ала нұсқа бойынша, отбасылық жанжал телефоннан шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған. Түнде барлығы ұйқыға кеткенде ол пышақты алып, отбасының әр мүшесінің тамағын орып шыққан. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

"Күдікті, елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалға туыстарының оған айтқан ескертуі түрткі болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін полицейлер Алматы облысында өз-өзіне қол салған жас қызды құтқарғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: