Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалауға арналған бақылау белгісі қанша тұрады
Фото: akorda.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 30 шілдеде "Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының шекті құнын айқындау туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының шекті құны қосылған құн салығын есептемегенде бір данасына 3,14 теңге болып белгіленді.
Бұйрық 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда киік мүйізін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау белгісі құнының шекті мөлшері белгіленгені хабарланған еді.
Сондай-ақ жағармайлардың, майлау материалдарының және арнайы автокөлік сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау құны туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript