Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау құзыреті мемлекеттік органға беріледі

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 13:26 Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарықтан іріктеу тәртібін реттейтін нормаларды алып тастау ұсынылып отыр.

Бұл түзету тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, сапасы бақылауға жататын өнімдердің үлгілерін іріктеу өкілеттігін мемлекеттік органға беруге байланысты енгізілмек.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаны қабылдау:

  • бірін-бірі қайталайтын құқықтық нормаларды жоюға;
  • мемлекеттік сараптама ұйымы мен мемлекеттік органның өкілеттіктерін нақты ажыратуға;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: