Астанада сегіз айда 300-ден астам бұзушылыққа жол берген көлік жүргізушісі темір торға тоғытылды

Жүргізуші, Астана, жол ережесін бұзу, Hyundai Palisade, қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 17:59 Сурет: pexels
Үнемі жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзатын жас астаналық қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының прокуратурасы 2026 жылы 9 қыркүйекте хабарлағандай, мониторинг барысында Hyundai Palisade көлігінің 25 жастағы жүргізушісі анықталып, ол тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет елемеген.

"Оның 169 құқық бұзушылығы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда ол автобус жолағымен жүрген", деп нақтылайды құзырлы орган.

Мәселен, ағымдағы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары оның "Ұлы Дала" даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.

Құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Бұған дейін Алматыда мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен автоматты түрде айырылатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: