"Ақ жол": Сайлау лайық деңгейде және заң талабына сәйкес өтті
Сурет: Zakon.kz
"Ақ жол" демократиялық партиясы сайлау қортындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақ жол" демократиялық партиясы сайлау лайық деңгейде және заң талабына сәйкес өтті деп есептейді.
"Бұл қазіргі Қазақстан үшін еркін, ашық және өзінше теңдессіз кампания болды. Ашықтық пен бәсекелестіктің мұндай деңгейі Мемлекет басшысының саяси реформалары арқасында мүмкін болды, соның нәтижесінде сайлау жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды: аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз кандидаттардың саяси процеске белсенді араласуына мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Партияның мәлімдесінде сонымен бірге қатысушыларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге де, дауыс беру барысын бақылауға да жан-жақты мүмкіндіктер жасалғаны айтылған.
"Біз қызықты да толыққанды электоралды кезеңді өткізіп, сайлаушылармен мыңдаған кездесулер ұйымдастырып, жұмысымыздың дұрыстығы мен өзектілігіне көз жеткіздік. Қазақстан халқы партиямызға сенім білдіріп, жаңа сапалы Мәжіліс пен мәслихаттардың пайдасына өз таңдауын жасады. "Ақ жол" демпартиясына дауыс бергендердің барлығына, орталықтағы және өңірлердегі мүдделес үзеңгілестерімізге, ауқымды ұйымдастырушылық пен табысты нәтижелер үшін алғысымызды білдіреміз. Халық сенімінің жаңа мандаты, жаңа күш-қуатпен біз Парламент пен маслихаттардағы жұмысымызды жандандырып, әр қазақстандықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған саяси бағдарламамызды жүзеге асыруды жалғастырамыз", - делінген хабарламада.
Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
Шетелдегі учаскелерінде 5 мыңға жуық қазақстандық сайлауға барған.
"Еуразиялық интеграция институты" жүргізген exit poll нәтижесі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript