Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Туды түсіру, аза тұту күні, 25 қыркүйек, Маңғыстау, әскери қызметкерлер, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 19:04 Сурет: gov.kz
Қазақстанда 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қол қойған өкім мәтінін 2026 жылы 24 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:

"Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды".

Айта кетсек, 2026 жылдың 24 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейгендіктен 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткені хабарланған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған, олардың бірі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған министрлік комиссиясы шұғыл аттанды.

Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жедел-тергеу тобы құрылды.

Кейін Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды. Комиссияға премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: