"Уимблдона-2026": Бублик алғашқы айналымда бес партия ойнап, камбэк жасады

Бублик, теннис, Уимблдона-2026, камбэк, австралиялық, Танаси Коккинакис , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:56 Сурет: Instagram/BUBLIK
Лондонның 12-кортында теннистен Ұлыбритания Ашық чемпионатының бірінші айналымындағы матч аяқталды. Бұл ретте әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик австралиялық Танаси Коккинакисті бес сетте әупірімдеп жүріп ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтың ATP бойынша 491-ракеткасына қарсы матчы 3 сағат 41 минутқа созылды, бұл осы турнирдің стандарттары бойынша өте ұзақ ойын болып саналады.

Бұл күні Бубликке сәттілік бұйырып, ол матч барысын өз пайдасына шеше алды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы тәжірибелі қарсыласын 4:6, 6:3, 6:7 (10:12), 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, "Уимблдонның" екінші айналымына өтті.

Александрдың келесі қарсыласы 25 жастағы француздық Кириан Жаке (№139, ATP) болады.

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің 154-ракеткасына жол бере жаздағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: