Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Медина Есенбек, көркем гимнастика, Қытай, алтын медаль, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 17:25 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астаналық жас спортшы Медина Есенбек көркем гимнастикадан Қытайда өткен халықаралық Zhong Ling Cup турнирінде бірден үш жүлдеге ие болды. Жарыс Гуандун провинциясының Хуэйчжоу қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирге Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия және басқа да елдердің гимнастшылары қатысты. Қазақстан намысын жарыста 9 спортшы қорғады. Олардың төртеуі – астаналық гимнаст.

"Әлем Академиясының" тәрбиеленушісі, 8 жастағы Медина Есенбек жарыста үш медаль жеңіп алды. Ол шығыршықпен жаттығуда алтын, ал құралсыз жаттығу мен көпсайыста екі күміс медаль иеленді.

Мединаның өнер көрсетуі ұлттық мәдениетіміздің әсем көрінісіне де айналды. Жас гимнаст кілемге қазақы ою-өрнекпен көмкерілген костюм киіп шығып, композициясын қазақ музыкасының сүйемелдеуімен орындады.

Медина үшін бұл турнир тек спорттық жетістікпен шектелмей, Қазақстанды халықаралық аренада лайықты танытуға берілген үлкен мүмкіндік болды.

Бұған дейін велотректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: