Қазақстандық Ғабит Расұлхан кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ғабит Расұлхан кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 10:24 Сурет: telegram/olympickz
Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жас дзюдошы Ғабит Расұлхан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз канадалық Роман Семирозумды жеңді.

Шешуші сынға дейін қазақстандық спортшы Алжир, Түркия, Украина және Жапония дзюдошыларынан басым түсті.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) мен Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) күміс медаль салды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) мен Ахмет Баубек (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленіп, жалпы медальдар кестесінде көш бастады.

23 тамызға дейін жалғасатын әлем чемпионатына 59 елден 457 жас дзюдошы қатысып жатыр.

Ал бұған дейін әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының жаңартылған рейтингі жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: