Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздікке 30 жыл

2021 жылы Қазақстан егемендік алғанына 30 жыл толуын атап өтеді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығын ұлан асыр той жасап емес, нақты жобалармен, елдік жолында атқарылып жатқан нақты жұмыстармен атап өту керектігін айтты. Экономикалық және саяси реформалар, қазақстандықтардың құқықтарын қорғау, экологиялық проблемалардың шешімін тарқату мерейтойдың басты жетістігі болмақ. 1991 жылдың соңына қарай Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған көптеген елдер егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялады. "ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы Жоғарғы Кеңестің №1008-XII қаулысымен қабылданды. Бодандық қамытынан құтылып, азат ел атанған қазақ халқы өзін-өзі басқаруды, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды айқын мақсат етіп қойды. Осы жылдар аралығында Қазақстан – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі атанды. Республика екі мәрте жаңғыру үдерісінен өтті. Біріншісі мемлекеттің қалыптасу кезеңін, нарықтық экономикаға көшуді, саяси жүйені дамытуды және экономиканы нығайтуды қамтыды. Екінші жаңғыру «2030 стратегиясы» мен экономикалық өсімге, халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделді. Қазір Қазақстан бес нақты міндеті бар үшінші жаңғыру кезеңін бастан кешуде: технологиялық жаңғырту; бизнес-ортаны кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капиталдың сапасын жақсарту; институционалдық қайта құрулар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия. Осы күндері Қазақстан-экономикалық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан көпұлтты мемлекет. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру арқылы мемлекеттің қоғам алдында есеп беруіне қол жеткізбек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын ұлан асыр той жасап емес, нақты жобалармен, елдік жолында атқарылып жатқан нақты жұмыстармен атап өту керектігін айтты. Экономикалық және саяси реформалар, қазақстандықтардың құқықтарын қорғау, экологиялық проблемалардың шешімін тарқату мерейтойдың басты жетістігі болмақ. Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың баға жетпес байлығы, ал 16 желтоқсан – ең қастерлі ұлттық мереке.

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: