Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,39 теңгеге көтеріліп, 491,70 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,66 теңгеге дейін өсті (+0,52).
Ақша айырбастау орындарында доллар 490,5-493,9 теңгеге, еуро 530-534,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 29 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,49%-ға өсіп, барреліне $71,35 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 0,55%-ға өсіп, барреліне 67,75 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 487,81 теңге, еуроны 527,62 теңге, рубльді 5,02 теңге деп белгіледі.