Астанадан бір түнде 24 мың текше метрден астам қар шығарылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада таңертең қалың қар жауады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

17 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 652 жол жұмысшысы және 1 470-тен астам арнайы техника шықты.

17 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 926 рейспен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 260 145 ауыр жүк рейсімен 3,3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз." Астана қаласының әкімдігі
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды