Шымкент әкімдігі өңірде қарақұрттың көп таралуына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: gov.kz
Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылғы 16 мамырда қала тұрғындарына қарақұрттардың шабулына тап болмас үшін қай жерлерде сақ болу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шымкентте қарақұрттар адамдарға шабуылдай бастады" деген ақпаратты жергілікті билік жоққа шығарды.

"Қазіргі таңда қарақұрттардың шағу жағдайы қала ішінде тіркелген жоқ, олар көбінесе таулы аймақтарға (маевкаға) шығу кезінде орын алуда. Зардап шеккендер қаладағы медициналық мекемелерге жүгінеді", – делінген түсініктемеде.

Санитарлық қызметтің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Шымкент қаласының ішінде қарақұрттың шағу жағдайлары тіркелмеген. Егер өрмекшінің шағуы қала ішінде орын алса, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет оқиға орнын анықтап, қажетті өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Еске салсақ, былтыр бір Атырау облысының өзінде маусым-шілде айларында 485 бас түйе малын қарақұрт шағып, салдарынан 90 бас шығын болды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306 бас жануар сауығып, 89 бас малға әлі де емдеу жүргізілуде. Өлген мал иелеріне 65 млн 211,2 мың теңге шығын келтірілген болатын. 

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды