Астанада кальян шегуге тыйым салу талаптарының бұзылу фактілері анықталды

Фото: Zakon.kz
Елордада полицейлер темекі өнімдері мен кальян қоспаларын белгіленбеген жерлерде тұтынуға тыйым салу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жалғастыруда.

Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісі мен қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін тұтынуға қатысты 5 500-ден астам құқық бұзушылық анықталған.

Соңғы тәулікте жүргізілген рейд барысында Байқоңыр ауданының полицейлері Иманов және Кенесары көшелеріндегі лаундж-барда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылықты тіркеді.

Сонымен қатар темекі шегуге тыйым салынған орында қызмет көрсеткені үшін аталған мекеме 441-баптың 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Елімізде қоғамдық орындарда – дәмханаларда, мейрамханаларда, клубтарда, демалыс орындары мен көшелерде кальян шегуге толық тыйым салынған. 2020 жылдан бері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес, мұндай шектеулер халықтың денсаулығын сақтау және никотинге тәуелділікті азайту мақсатында енгізілген.

Полиция азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық орындарда тыйым салынған заттарды тұтынбауға шақырады. Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды