Елорда билігі әуежай бойынша БАӘ компаниясымен арадағы келісімшартты неге бұзды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 22 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында елордалық әуежайды жаңғырту жөніндегі жоспардың қыр-сырымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Terminals Holding жобадан шығатыны бұрын хабарланғанын атап өтті. Олар БАӘ компаниясымен ынтымақтастықтың неліктен тоқтатылғанын және жаңа инвестор табылған-табылмағанын сұрады.

"Өзара келісім әрі осы компанияның бастамасы бойынша біз бүгін өзара талап қоюсыз келісімшартты бұздық. Terminals Holding ағымдағы жөндеу жұмыстарына ағымдағы инвестицияларды жұмсады. Естеріңізде болса, биыл күзде ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ, әуежайдың жүктемесін екі есеге, яғни жылына 16-18 млн жолаушы қабылдауға дейін ұлғайту үшін екінші ұшу-қону жолағын салу қажет болып отыр. Инвестициялық міндеттемелерді іске асыру қарқыны бойынша бізде белгілі бір келіспеушіліктер болды, сондықтан біз бұл жобаны оларсыз жүзеге асыру жн деп шешіп, өзара түсіністікке келдік", – деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, бұл арада екінші ұшу-қону жолағын және болашақ перспективада терминал салу, сондай-ақ бірінші ұшу-қону жолағын жөндеу туралы сөз болып отыр.

"Бүгін әуежай белгілі бір деңгейге жетті. Біз биыл 8,5-9 млн жолаушыны қабылдай аламыз. Бұл - іс жүзіндегі жобалық қуат. Бірақ, екінші ұшу-қону жолағын салу керек. Бүгін біз әуежайдың күшімен бұл жобаны екінші ұшу-қону жолағын салу арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бізге қандай да бір оператор қосымша қажет пе, жоқ па, осы тұрғыда жалпы жағдайды бақылап, бағамдап отыратын боламыз", - деді әкім.

Сондай-ақ ол қандай сомалар туралы сөз болып жатқанын да айтты.

"1,1 млрд деген цифрды бірінші рет естіп тұрмын. Мен ешқашан мұндай цифр туралы айтқан емеспін. Сандар одан бірнеше есе аз. Екінші ұшу-қону жолағы мен бірінші ҰҚЖ-ын жөндеумен байланысты цифрды есептедік. Мұның бәрі шамамен 150-190 млн доллар болады", деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек елордада тағы бір әуежай салу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген болатын.

Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды