Абай облысында есірткіні жарнамалайтын 50-ден астам жазба жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері өңірде заңсыз есірткі айналымымен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын 50-ден астам есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар анықталып, жойылды.

Бұл жұмыстар құқық қорғау органдары мен белсенді жастардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде жүзеге асырылуда.

Осы бағыттағы кезекті профилактикалық іс-шара Семей қаласында ұйымдастырылуда. Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері "Дала қырандары" жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, қала аумағында есірткі жарнамасын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғын үйлердің қабырғаларында, қоршауларда және қоғамдық орындарда жазылған күмәнді белгілер мен интернет-дүкендердің мекенжайлары боялып, толықтай өшірілді.

Профилактикалық шара тек заңсыз жазбаларды жоюмен шектелмей, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен де қатар жүргізілді. Полиция қызметкерлері мен жастар ұйымының өкілдері қала тұрғындарымен кездесіп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, есірткінің адам денсаулығына, қоғам мен болашақ ұрпаққа тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен насихатталды. Іс-шара барысында тұрғындарға есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуда қоғамның белсенділігі ерекше маңызға ие екені атап өтілді.

Азаматтарға қала аумағында күмәнді жазбалар, граффити немесе есірткі құралдарын жарнамалайтын белгілер анықталған жағдайда, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды