Мәселе Қазақстандық әйелдің бұрынғы күйеуінің шотына қолжетімділік беруді сұрап, Конституциялық сотқа жүгінуімен байланысты болған.
"Бұл салық мәселесіне қатысы жоқ. Сіз білетіндей, салық салу жағынан банк құпиялығы шектеулі. Бақылау іс-шараларын жүргізгенде ғана санкциялар мен нормалар арқылы, бірлескен ережелерге қол қою арқылы деректер аламыз", – деді Біржанов.
Оның сөзінше, басқа жағдайларда мұндай деректер Қаржы министрлігі тарапынан қолданылмайды.
Бұған қоса, ажырасу жағдайында банктер жұбайларға бір-бірінің шотын аша ала ма деген сұраққа материалда толық түсініктеме берілген.
Айта кетейік, 2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Соты ажырасу істерін қарау тәртібін реттейтін нормативтік қаулыға өзгерістер енгізген болатын.