Әр азамат жеке деректерінің таралғаны туралы алдын ала хабардар болады

Фото: freepik
Енді әр азамат жеке деректерінің интернетке шығып кеткен-кетпегенін тексере алады. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасындағы түзетулердің бір бөлігі осы мәселеге арналған.

Заң жобасына сәйкес, дербес деректер операторларын классификациялау жүйесі енгізіледі. Олар өңделетін ақпарат көлемі мен қауіп деңгейіне қарай шағын, орта және ірі операторлар болып бөлінеді.

Соған сәйкес әр санатқа қойылатын талап та әртүрлі болмақ. Осылайша тәуекелге негізделген реттеу тетігі қалыптасады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар таралып кеткен дербес деректердің арнайы тізімі құрылады. Оларды қорғау талаптары да күшейтіледі.

Атап айтқанда, құжаттарды ашық жариялау қажет болған жағдайда дербес деректерді бүркемелеу, хеш-кодтарды пайдалану және операторлар арасында ақпарат алмасу кезінде деректерді шифрлау міндеттеледі.

Әр азамат мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы қандай жеке дерегі ашық тарап кеткенін тексере алады. Бұл адамдарға өз деректерін қорғау үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Жеке деректер жарияланған кезде және олармен алмасу кезінде қорғау талаптары күшейтіледі. Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы