Астанада блогер Justice Adilet-тің не үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды

Сурет: Instagram/justiceadilet
Астанада Justice Adilet лақап атымен танымал блогер, шын есімі Әділет Қаликеев, полиция формасын киіп түсірілген видеоларынан кейін полиция бөліміне жеткізілді.

Елордалық Полиция департаменті 2026 жылғы 29 маусымда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлерінің формасын заңсыз пайдалануға қатысты дерек анықталғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицияның қызметтік киімін пайдаланып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін қаралайтын бірнеше бейнеролик жариялаған азаматты анықтады. Тексеру барысында 30 жастағы құқық бұзушының жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, блогер арнайы киімнің айырым белгілері бар полиция формасын заңсыз кигені және заңға қайшы контентті жариялап, таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар Астана қаласының полициясы азаматтарға ескерту жасады.

"Құқық қорғау органдарының қызметтік киімін немесе рәміздерін заңсыз пайдалануға, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруге және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған материалдарды таратуға қатысты кез келген әрекет дереу анықталып, заң аясында қатаң бағаланады", – деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда арандатушылық видео түсірген азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады