Қазақстан мен Түркия арасында күн сайын қатынайтын жаңа әуе рейстері ашылады

Фото: akorda.kz
2026 жылғы тамыздан бастап Астана мен Алматыдан Анкараға күн сайын тікелей әуе рейстері орындалады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, AJet әуе компаниясы 2026 жылғы тамыздан бастап Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттары бойынша рейстер санын аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін көбейтеді. Осылайша, екі бағыт бойынша да рейстер күн сайын орындалатын болады.

AJet – Turkish Airlines тобына кіретін түркиялық лоукостер әуе компаниясы.

Мамандардың пікірінше, рейстер санының артуы Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшатын рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар мен қандастарды есепке қою қағидалары жаңартылды