Қазақстанда мотор майлары мен арнайы автосұйықтықтарды таңбалау құны белгіленді

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының шекті құнына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжаттың атауы жаңа редакцияда бекітілді: "Жекелеген жағармай майларын, жағармай материалдарын және арнайы автомобиль сұйықтықтарын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының шекті құнын айқындау туралы".

Құжатқа сәйкес, жекелеген жағармай майларын, жағармай материалдарын және арнайы автомобиль сұйықтықтарын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралының қосылған құн салығынсыз шекті құны бір бірлік үшін 4,7 теңге болып белгіленді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Қазақстанда мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілді. Мұндай өнімдерді өткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), сканерлер және фискалдық деректер операторымен (ФДО) жасалған шарттың болуы міндетті.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты