Күз кейінге шегерілді: Алматыға +33°C ыстық қайта оралады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Күз келуге асықпайтын секілді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған алдағы үш күннің ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің үш мегаполисінде жаздағыдай жылы, кей жерлерде аптап ыстық күндер сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 2026 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында үш қалада да жауын-шашын күтілмейді. Ең жоғары ауа температурасы Шымкентте тіркеліп, күндіз +35°C-қа дейін көтеріледі.

Астана

8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.

9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.

Алматы

8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.

9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкент

8-9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.

Айта кетейік, синоптиктер 8-10 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша жалпы болжамда бірқатар өңірде жаңбыр жауып, күн салқындайтынын хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты