Тбилиси – Астана рейсінде британиялық жолаушы темекі шегіп, айыппұл арқалады

Фото: unsplash
Көлік полицейлері ұшақ бортында темекі шеккен Ұлыбритания азаматын рейстен түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 қыркүйекте Астана әуежайында шетелдік жолаушының әуе кемесі командирінің актісі негізінде Тбилиси – Астана рейсінен түсірілгенін хабарлады.

"Ұлыбританияның 38 жастағы азаматы ұшу кезінде ұшақ дәретханасында электронды темекі шеккен. Осылайша ол қолданыстағы тыйым мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемеген. Шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады ведомство.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі құқық бұзушылық жасаған 254 адамды әуе рейстерінен түсірген. Оның ішінде 193 жолаушы алкоголь ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, 40 адам ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынуға салынған тыйымды бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Бұған дейін Алматы – Ақтау рейсінде де даулы жағдай болған еді. Ұшаққа отырғызу кезінде жүгін орналастырып жатқан егде жастағы ер адам "бомба" деп айтып қалған. Осыдан кейін қауіпсіздік шаралары қабылданып, жолаушылар ұшақтан түсірілді. Ұшақ толық тексерілгеннен кейін ер адам жауапқа тартылды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы