20 қазан, сейсенбі күні күндіз Павлодар облысында, ал 21–22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады деп болжанады.
"Түнде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -1…-3°C-қа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Ел аумағында ауа температурасы төмендегідей болады:
- Батыста түнде -6…+2°C-қа дейін төмендеп, күндіз +15…+22°C-қа дейін жоғарылайды.
- Маңғыстау облысында түнде +2…+10°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +21…+26°C-тан +18…+23°C-қа дейін құбылады.
- Ақтөбе облысында түнде 0…+5°C-тан -6…-1°C-қа дейін құбылып, күндіз +12…+17°C-қа дейін жоғарылайды.
- Қостанай облысы мен елдің солтүстігінде түнде -6…-1°C-тан 0…+5°C-қа дейін құбылады. Күндіз +2…+10°C шамасында болады.
- Елдің орталығында түнде 0…+5°C-тан -6…-1°C-қа дейін, күндіз +3…+11°C-тан +7…+13°C-қа дейін құбылады.
- Шығыста түнде 0…+5°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +2…+7°C-қа дейін сәл төмендеп, өңірдің шығысында -1°C-қа дейін суытады.
- Оңтүстікте түнде 0…+5°C-қа дейін сәл төмендейді. Күндіз +18…+23°C-тан +12…+17°C-қа дейін құбылады.
- Оңтүстік-шығыста түнде 0…+8°C, таулы аудандарда -8…-3°C болады. Күндіз +15…+20°C-тан +8…+16°C-қа дейін құбылады.