Құжатта мынадай мақсаттар көзделген:
- халықты есепке алу жүйесін жетілдіру;
- көші-қон үдерістеріне тиісті бақылауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтерді жоспарлау және көрсету тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар Алматыдағы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерді белгіленген нормадан тыс тіркелуге жататын азаматтар санатына қосу ұсынылып отыр.
Шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.