Қазақмыс корпорациясы – Қазақстанның алдыңғы қатарлы тау-кен және металлургия компаниясы. Компанияның негізі Балқаш көлі ауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланды. «Қазақмыс» Тобы – негізгі активтері кен өндіру саласы мен түсті металлургияда шоғырланған сатылас ықпалдастырылған холдинг. «Қазақмыс» кәсіпорындары – кеніштер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары – үш өндірістік алаңда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) орналасқан, онда шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.