Сенатта Астана қаласынан босаған орын бойынша қосымша дауыс берілді

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 15:06 Сурет: senate.parlam.kz
Астана қаласынан шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының орнына үш үміткер таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына таңдаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат: Лукин Андрей Иванович, 65,5%.

31 таңдаушының 29-ы дауыс беру процесіне қатысты. 

Дауыстар келесідей бөлінді:

- Зейнұлқабден Табиғат - 6;

- Әбілқайыр Сайранбек Ератырұлы - 4;

- Лукин Андрей Иванович - 19;

2022 жылы 13 қазанда Ақылбек Күрішбаевтың сенаторлық өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Айта кетсек, Қазақстанда 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі де жарияланып үлгерді

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: