Алматыдағы өрт кезінде балаларды құтқарған Түркия азаматы марапатталды

Сурет: Facebook/T.C. Almatı Başkonsolosluğu
Түркия елінің азаматы Шүкір Гүйнай Алматыдағы Түркияның Бас консулдығында марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шүкір "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі жантүршігерлік өрт кезінде 16-қабатта  үш баласымен қоса қалып кеткен әйелге көмекке ұмтылғаны белгілі болды. Түтінге тұншыққан оларға ауа жетпей жатқан. Сол кезде Шүкір тростпен жоғарыға көтеріліп, оларды аман-есен төменге түсірді.

"Қорқынышты болмады ма "деген сұраққа ол: "Шырылдаған кішкентай балаларды көргенде басқа ештеңені ойлап жатпайды екенсіз" деп жауап берді.

Ер адамның екі қызы бар екен.

"Алматыдағы өрт кезінде екі баласы бар әйелді құтқарған біздің азаматымыз - Шүкір Гүйнайға және басқа да азаматтарға адами құндылықтарға бай түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз", делінген Алматыдағы Түркия Бас консулдығының хабарламасында.

Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2023 жылдың 1 тамызында өрт болды. Бас сауғалаған адамдар терезеден секіруге мәжбүр болды. Өрт орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің звеносы 80 адамды құтқарды, оның 35-і – қорғаныс мұрындығы көмегімен, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарылды. Сондай-ақ 200-ден астам адам эвакуацияланды.

Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.

Ауруханаларға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы - балалар. Бір әйел ауруханада көз жұмды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты