Президент: Қаржылық мониторинг қызметінде адалдық – басты талап

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік қызметкерлеріне жүктелген жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті.

Президент Қаржылық мониторинг агенттігі басқа құқық қорғау органдарымен үйлесімді әрекет етуі керектігін айтты.

"Сіздерге жүктелетін жауапкершілік – өте жоғары. Агенттік Бас прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік қызметімен, Ішкі істер министрлігі секілді басқа да құқық қорғау органдарымен үйлесімді әрекет етуі керек. Олар да Қаржылық мониторинг агенттігіне қолдау көрсетуге тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Президент құзыреттік міндеттердің қайталануы мен жөн-жосықсыз бәсекенің мемлекет мүддесіне кері әсерін тигізетінін ескертті.

"Әлемде стратегиялық белгісіздік белең алған қазіргідей жағдайда бұл өте қауіпті. Дұшпандарымыздың ұлттық мүддемізге зиян келтіруіне жол беруге болмайды. Үнемі айтамын: "Тәуелсіздік – бәрінен қымбат". Мұны баршамыз, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әрдайым есте ұстауы керек", – деді Тоқаев.

Президент әр қызметкердің адал азамат әрі мықты маман болу қажеттігін атап өтті.

"Ар тазалығын сақтау, Отан алдындағы антқа берік болу – парыз. "Заң мен тәртіп" қағидаты – көпшілікке қарата айтылған ұран емес, бұл – әрбір мемлекеттік қызметшінің, әрбір адамның өзінен басталуға тиіс саналы қадам", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістер мен Конституциялық реформаны атап өтті.

"Біз Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза әрі Озық Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды өзгерістердің келесі – шешуші кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформаны қолға алдық, бүгінде Комиссия белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Барлық ұсыныс мұқият сарапталады, түзетулердің жобасы әзірленеді. Халық бұл жобамен танысып, референдумда түбегейлі шешім қабылдайды. Осылайша, елімізде жаңа қоғамдық-саяси жүйе қалыптасады. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жұмыс тың қарқынмен жалғасады", – деді Президент.

Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды