Орал – Батыс Қазақстандағы қала, Батыс Қазақстан облысының облыс орталығы. Қала Жайық өзенінің жағасында орналасқан. 2020 жылдың басындағы мәлімет бойынша, Орал халқының саны 235 мыңға жуық адамды құрады. Орал қаласының әкімі қызметін 2019 жылдан бері Абат Шыныбеков атқарып келеді. Орал Қазақстанның ең көне қалаларының бірі саналады, оның негізі 400 жыл бұрын қаланған. Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин Оралда үш күн болған. Кейін «Пугачев хикаясы», «Капитанның қызы» деген шығармаларында Оралды атайды. 2006 жылы Оралда Пушкин мұражайы ашылды, оның алғашқы қонақтары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин болды. Елбасы 2018 жылғы сапарында Орал қаласын «экологиясы таза қала» деп атаған болатын. Оралдың соңғы жаңалықтарын Zakon.kz сайтынан оқыңыз.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады