Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтті. Елде 10 388 сайлау учаскесі жұмыс істеді, ал шетелдегі Қазақстанның 54 елдегі дипломатиялық мекемелерінде 71 учаске ұйымдастырылды. Сайлаушылар тізіміне 12 461 796 адам енгізілген болатын. Дауыс беру процесіне 9 миллионнан астам адам қатысты, олардың шамамен 8 миллионы «қолдаймын» деп дауыс берді. Референдум заңды және нәтижелі өткен деп танылды.
Плитка
Тізім